• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Ертіс жағасындағы мұз қалашығын бұзып бастады

Павлодарда Ертіс жағасындағы мұз қалашығын бұзып бастады

Әкімдікте ауа райы енді сырғанауға мүмкіндік бермейді деген шешімге келген деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі 

Павлодардағы мұз қалашығын еліміздегі ең танымал деп айтуға болады. Себебі әлеуметтік желілерде бұл ең қымбат қысқы демалыс деп жазды. Осы қысқы маусымда оған 53 миллион теңгедей жұмсады. Ал желтоқсан айында барлық ертегі кейіпкерлері мен мұз кірпіштер еріп кетті. Безендіруде қаражатты жарықшамдар мен сырғанақтарға көп бөлген.

Қазір жағалауды жинастыру басталып кетті. Әкімдікте қыс аяқталғандықтан бұл жоспарлы жұмыстар деді. Ал павлодарлықтардың пікірі екіге бөлінді. Кейбірі мұнда наурызды тойлауға дайындалу керек деп есептейді.

 

-Ауа райы болжамына қарай әрекет ету керек. Егер, күн жылыса, ақырындап қалашықты алғандары жөн, өйткені тұрғындарға кедергі келтіре бастайды,-дейді павлодарлық тұрғындар.

 

-Менің білуімше аязды күндер жалғасын табады. Сондықтан әлі де тұрса, балаларға жақсы болатын еді. Боран, қар күтіледі ғой. Ерте алып жатыр деген ойдамын,-деді өзге қалалықтардың бірі.

 

Ал ауа райын болжаушылар алдағы аптада күндіз -3-тен -7-ге дейін жылы болады дейді. Ұзақ мерзімді болжамдар бойынша наурыз айы жылы болады, ал айдың ортасында тіпті температура плюсті көрсетеді.