Павлодарда Естай ескеркіші үшін 45 миллион теңге жұмсаған
Естайдың ескерткішін орнату ұсынысы зиялы қауым өкілдерінен түскен. Облыстық бюджеттен бұл үшін 45 миллион теңге бөлініпті. Ескерткіштің үздік эскиздік жобасына байқау жарияланған.
- Жергілікті БАҚ конкурс жарияланып, ең ірі деген үш мүсін таңдап алынды. Ол 3 мүсінді біз республикалық комиссияға жіберіп, мәдениет және спорт министрлігі құрамындағы комиссиясы шешімі бойынша суретшілер одағының мүшесі Азат Баярлин анықталды, - дейді Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейірманов.
Ескерткіште Естайдың жас кезі бейнеленген дейін мәдениет басқармасында. Мүсін қоладан құйылған. Биіктігі 4 м, гранит тұғырының биіктігі 4 метр. Оны тұлғаның есімімен аталатын қалалық мәдениет сарайы жанына орнатуды шешіпті.
- Бүгінгі таңда ескерткіш орнатылды. Естай атындағы мәдениет сарайының қасында. Жоспар бойынша 21 наурыз ашылу көзделіп отыр, - деді Асылбек Мейірманов.
Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні — "Қорлан". Ол - орындаушылық өнерімен қатар сазгерлік талантымен де танылған бірегей тұлға.

