• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Естай көшесіндегі көпқабатты үй сот шешімі бойынша бұзылуы керек

Павлодарда Естай көшесіндегі көпқабатты үй сот шешімі бойынша бұзылуы керек

 

 

Бұл туралы бүгін қалалық сәулет бөлімінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Сәтбаев көшесіндегі ауладағы екі ғимарат бойынша осы жылдың мамыр айында осындай қаулы шыққан. Бірақ, әзірге аумақ қоршалған, бөлшектеп жатқан ешкім жоқ. Благовещенск шіркеуінің жанындағы жаңа ғимараттарға қатысты сұрақтар да талқыланды.

 

Благовещенск шіркеуінің жанындағы екі көпқабатты үй қарқынды түрде салынуда. Тіпті аяқталуына сәл қалған. Бірақ, құрылыс істері жөніндегі комитет пен ТҮКШ мұнда үй салуға болмайтынын анықтаған. Ол «Басқа аумақ» деп аталатын жерде орналасқан мыс. Павлодарлық шенеуніктер жоғары сот арқылы рұқсат құжаттарының толық негізді түрде берілгенін дәлелдегісі келген.

 

- Комитет бұл жерге құрлыс салуға болмайды деген негіз білдірді, бұл ретте олармен келіспеушілік орын алды. Бүгінде заңнамада аталған басқа аумақтар бойынша мұндай түсіндірулер жоқ,-дейді Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Жангелді Шалғымбаев.

 

Сәтпаев, 245/1 және Горький, 27/1 мекенжайлары бойынша мамыр айында құрылыстарды бұзу туралы сот шешімі шығарылды, дейді сәулет бөлімі. Бірақ алты айға жуық уақыт ішінде ештеңе өзгермеген. Аумақ қоршалған, ал шенеуніктер бүгін бір нәрсені талап ету олардың құзырында емес екенін айтты.

 

- Ондағы өндіріп алушы "Павлодар-Водоканал" ЖШС, яғни біздің атқару парағын талап етуге құқығымыз жоқ, өйткені біз осы нысанды бұзу бойынша сотқа талап арыз берген жоқпыз. Мұнда "Павлодар-Водоканал" ЖШС осы сот шешімін орындау бойынша сот парағын талап етіп, оны сот орындаушысына беруі керек,-дейді Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Жангелді Шалғымбаев.

 

Шенеуніктер істі аяқтау үшін алпауытқа хабарлама жібереміз деп жауап берді. Алайда, олар мерзімдер туралы ештеңе айтқан жоқ. Сонымен қатар, бір күн бұрын апелляциялық сотта олар осы ғимарат бойынша істі жеңіп алды. Естай, 102 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің орнында жеке үй болуы керек. Енді ғимарат салған ұйымның есебінен бұзылуы керек. Бірақ, бұл істің қалай және қандай мерзімде жүзеге асырылатынын шенеуніктер нақтыламады.