Павлодарда есірткі таратушылар тыйылар емес

 

 

Тұрғын үй подъездтері наркодиллерлердің жұмысы қызып жатқан орынның бірі. Олар пошта жәшігіне тауарды тығады. Ал клиентке есірткіні алуға ыңғайлы болуы үшін, домофондағы магнитке скотч жабыстырып қояды. Нарко-тасымалдаушылар арасында жасөспірімдер мен жастар басым. Ал өткен жылы қолға түскендер – 16 жасар қыз балалар еді. Олардың ата-аналары телефондарын ешқашан тексермеген, сондықтан балаларының бұл ермегінен бейхабар болған екен.

 

-Бүгінгі таңда тасымалдаушылардың жас шегі, яғни «кладмен» деп аталатындар 19 бен 23 жас аралығында. Бұл ең жоғары жас, жастар тартылған. Ал оларды қолға түсірген кезде кәсібін жүргізуге не итермелейді деп сұрасаңыз, жақсы ақша табысы дейді, -деп мәлім етті Павлодар қаласы ІІБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің аға анықтаушысы Эльмира Сейтахметова.

 

Соңғы уақытта көптеген интернет телехикаяларда дилерлердің жұмысы туралы көбірек айта басталды. Осылайша, бұл қара кәсіп поп-мәдениетке енді, дейді полицейлер. Бірақ егер фильмдерде кейіпкерлер керемет түрде суреттелсе, онда шынайы өмірде олар әдетте бірнеше айдың ішінде әшкере болады, ал көрініс кинематографиядан тым алыс.