• Басты бет
  • Қоғам
  • павлодарда ең арзан азық-түлік бағасы қай жерде екенін білесіз бе?

павлодарда ең арзан азық-түлік бағасы қай жерде екенін білесіз бе?

Қала тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тиімді бағамен саудаланбақ. Қазіргі дүкендердегі құнын есептегенде, бұл керемет мүмкіндік. Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы мәлім еткендей, жұмыртқаның өзі 350 теңгеден болады деп күтілуде. Павлодарлықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін қай уақытта да тағатсыздана күтеді. Тұрғындардың айтуынша, қазір дүкендердегі сандар таң қалдырады.

 

-Жұмыртқа 540 теңге, қанттың да бағасы көтерілді. Бұл дұрыс па? Халықтың қамын ойламайды ма?,- дейді қала тұрғындары.

 

Бұл ретте, жәрмеңкеде өнімнің бағасын нарықтағыдан 15-20%-ға төмен ұсынбақ.Сиыр мен қой еті келісі үшін 1800-2000 теңгеден, жылқы еті - 2100 – 2300 теңгеден өткізіледі. Ал жұмыртқаға қатысты кезектер орын алмас үшін бірнеше жерден сатылады.

 

-Әдеттегідей, жәрмеңкеге шикі сүт литрі 170 теңгеден саудаланады. Ал бірінші санатты жұмыртқа 350 теңгеден сатылмақ. Жұмыртқа төрт нүктеде сатылады. Ешқандай дүрлікпе болмайды,- Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы Татьяна Нагула.

 

Жәрмеңке әдеттегідей, Естай көшесінде өтеді. Сауда таңғы 8-ден түскі 13-00-ге дейін ұйымдастырылады.

 

Авторы:Дархан Бекишев