Павлодарда гидравликалық сынақтар нәтиже бере бастады
Адамдар ыстық фонтанды телефон камераларына бейнеге түсірді. Энергетикалық компания өкілдері қазір қалада гидравликалық сынақтар өтіп жатқанын ескертті.
- Гидравликалық сынақтар кезінде аталмыш қиылыста магистраль желісінде апат орын алды. Құбыр диаметрі 500 мм-ді құрайды. Гидравликалық сынақтар мен қаладағы барлық олқылықтар анықталғаннан кейін жөндеу жұмыстарының кестесі құрылады. Кейін жылу желілері қызметкерлері жөндеу жұмыстарына кіріседі, - дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжуманова.
Тамыздың 2-сінен басталған гидравликалық сынақтар 8-іне дейін жалғасады. Барысында №1 жылу энерго орталығына тиесілі желінің төзімділігі тексеріледі. Мамандар апат куәгері болған жағдайда 57-07-51 нөмірі бойынша хабарласуға кеңес береді.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.