Павлодарда гүл отырғызу жұмыстары 90%-ға аяқталды

Биыл Павлодарда гүл отырғызу жұмыстарымен бір мердігерлік ұйым айналысады. Оның қол астындағы 45 адам таңертеннен кешке дейін жасыл желекті отырғызуда. Баян Батыр, Назарбаев даңғылы, Мәшһүр Жүсіп және қаладағы барлық саябақта жұмыстар аяқталды. Қазір Лермонтов – Назарбаев қиылысын көркейтуде. Кейін шөп жұлу және суарумен айналысады.

-Күнделікті жұмыстарымыз cуару, қопсыту, шөптеу. Бір-екі күнде, уақытында қалған жұмысты бітіреміз Қазір қала бойынша бір жаздық шырайгүл, барқытгүл отырғызылды,-дейді мердігерлік ұйымның өкілі Манас Бердібек.

Бүгінгі күні жоспарланған 30 мың шаршы метрдің 27 500-і бойынша жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, мердігер еншісінде өсімдіктерді суаруға арналған 7 арнайы көлігі бар.