• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда инсулинге тәуелді қант диабетіне шалдыққандарға біржолғы жәрдемақы беріледі

Павлодарда инсулинге тәуелді қант диабетіне шалдыққандарға біржолғы жәрдемақы беріледі

 

 

Осы күні азаматтардан біржолғы жәрдемақыны алуға құжаттарды қабылдай бастады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Маусым айының бастап «Инсулинге тәуелді қант диабеті» ауруына шалдыққан азаматтарға біржолғы көмек көрсету үшін құжаттарды қабылдау басталды. Әлеуметтік төлем соммасы 36920 теңгені құрайды.

 

- Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өтінішті келесі құжаттарды қоса отырып береді. Дәрігерлік консультативтік комиссиясын анықтамасы және 20 саннан тұратын банк шотын ашу туралы хабарлама,-деді Павлодар қаласы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Райхан Жүнісова.

 

Айта кетсек, өткен жылы «Инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті» аурумен ауратын 500-ден астам адамға біржолғы көмек көрсетілді. Ағымдағы жылы инсулинге тәуелді қант диабетімен ауратын 400-ден астам адам жәрдемақыны алды. Оларға қайта құжат тапсырудың қажеті жоқ. Өтініш беру туралы сұрақтарыңыз болса, Кривенко көшесі, 20 үйдегі №3 кабинетке жүгінуге болады.

 

Фото: Freepik.com