Павлодарда инвестор Затон мөлтек ауданындағы жаңа құрылыс жобасын таныстырды
Шенеуніктер ескі екі қабатты барактарды бұзып тастамақ. Олардың орнына жаңа көпқабатты баспана салынады. Басты талап – адамдарға уақытша пәтер жалдап тұруға тура келеді. Алайда бұған барлығы бірдей келіспей отыр дейді irbistv.kz тілшісі.
Екатерина Полякова бұл ағаш баракта 40 жылдан астам уақыт тұрып келеді. Ол күйеуімен бірге кеме жөндеу зауытында жұмыс істеген кезде басқалары секілді осы жерден уақытша баспана алған. Алайда ұзаққа қалған. Қазір шатырдан су ағуда. Зейнеткер кезекті жылу беру маусымын қорқынышпен күтуде. Тағы да ағаш пен көмір алу керек.
-Алда қыс келе жатыр. Ағаш пен көмір дайындау керек. Менің шатырым сын көтермейді. Су ағып жатыр. Біздің үйде бар болғаны бес пәтер қалды. Онда адамдар тұрып жатыр. Жастар мұндай жағдайда тұрғысы келмейді. Ал біздің баратын жеріміз жоқ. Мәселен мен қайда барамын,-деді Бектұров көшесіндегі №356-үйдің тұрғыны Екатерина Полякова.
Затон мөлтекауданын қайта салу жобасына елордалық инвестор кіріскен. Тұрғындармен кездесуде жобаны таныстырды. Ол жаңа үйлердің іші жайлы көп айтты. Балалар ойын алаңы, бизнеске арналған нысандар, жасыл алаң мен ақылы көлік тұрағы болады. Павлодарда бұрын соңды болмаған бірегей аудан болады және қоныстанушылар жаңа пәтерлердің кілтін алады деп сендірді.
- Осы ағаш үйлердегі өз шаршы алаңына сәкес келетін пәтер алады. Құрылыс кезінде біз тұрғындарды уақытша орналастыруды міндетімізге аламыз,-деді инвестор.
Инвестор жобаға Қазақстан тұрғын үй компаниясы кепіл болатынын жеткізді. Егер құрылысты салушы банкрот болып қалса, мемлекет құрылысты соңына дейін жеткізуге міндетті. Ал тұрғындар баспанасыз қалмайтыны анық дейді. Ал адамдар ескі үй сүріліп, мүлдем ештемесіз қалудан қорқады.