Павлодарда Иса Байзақов атындағы филармонияның концерттік маусымы ашылды
Оркестр құрамы көрермендері үшін бай әрі талғамы жоғары репертуарын назарға ұсынды. Оларды белгілі тұлғалардың мерейтойлары мен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.
- Бұл әрине өшпес өлмес мұра болып қалған Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгірдің күйлерімен қоса жаңағы мен атап өткен Динаның, Қаршыға Ахмедияровтың күйлері орындалады. Қазақ оркестрінің бір ерекшелігі кез келген ұлттың халық музыкасын жақсы ойнайды, - деді Нұр-Сұлтан қаласынан келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Дәурен Ғылымов.
Облыстық филармония алдағы уақытта үлкен сахнада көрермен назарына ұсынатын туындылары көп екенін айтады. Олардың қатарында отандық және әлемдік классикалар бар.