• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда көлігін кез келген жерде қалдырып кететін жүргізушілер көбейген

Павлодарда көлігін кез келген жерде қалдырып кететін жүргізушілер көбейген

 

 

Павлодарда жүргізушілер көліктерін рұқсат етілмеген орындарда қалдырып, «бес минутқа ғана тоқтадым» деген сылтау айтады екен. Бұл сылтаулар айыппұлдан құтқармайды деп хабарлайдыirbistv.kz.


Павлодар облысы полиция департаментінде хабарлағандай жақында сауда үйі жанында жаяу жүргіншілер жолында қалдырылған көлікті байқаған. Жүргізуші бірнеше минуттан соң келіп, мен су алу үшін бірер минутқа ғана тоқтадым деп түсіндірген. Алайда бұл оны айыппұлдан құтқармады.

Мұндай оқиғалар күн сайын орын алады екен. Адамдар машиналарын дүкен, дәріхана, банкоматтар қасына тастап кетеді екен. Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі жасап, апатты жағдай туындатады. Сонымен қатар өрт сөндіру, жедел жәрдем, құтқарушылар көлігіне кедергі келтіреді.


- Павлодар облысында 2025 жылдың осы уақытына дейін полицейлер көлігін рұқсат етілмеген орындарға қалдырған 1642 заң бұзушыны анықтаған. Барлығы жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінде.

 

Фото: Freepik.com