Павлодарда карантин шаралары күшейтіледі

Жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустар залалсыздандыру шарасынан өтеді. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендердің жұмысына 22:00-ге дейін шектеу қойылды. Бас санитарлық дәрігер басқа да нысандардың жұмысы туралы айтты.

 

- Базарлар мен азық-түліктік емес дүкендердің жұмыс уақытына 18:00-ге дейін шектеу қойылады. Онда келушілердің саны 20 пайыздан аспауы тиіс. СПА, шаштараз,  массаж, салон және моншалардың жұмысы 20:00-ге дейін шегеріледі. Барлық бизнес өкілдері санитарлық талаптарды сақтауы қажет, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Алиев.

 

Бұдан бөлек, дәрігерлер №5 емхана негізінде қауіпті індеттің болжалды екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқандығымен бөлісті.  Мұнда симптомдары бар науқастар бірден фильтр кабинетіне жіберіледі. Бұл жерде таңғы 8-ден «мазок» сынамалары алынады.«Covid-19»-ға тапсырылған ПТР-тесттің нәтижесі 1 тәуліктің ішінде дайын болады.

 

Ал қауіпті індеттің симптомдары бар науқастар, телефон арқылы дәрігерді үйге шақырғандарды тасымалдау үшін емхана жаңа көліктермен жабдықталған. Ішінде барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтар бар.

 

- Емханада 11 мобильді топ құрылды. Олар тыныс алу жолдары инфекциясы және КВИ симптомдары бар науқастарға қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, емханаға келген адамдарда белгілері бар болса, фильтр кабинетіне жіберіледі. Бүгінде емханада 2 айға жеткілікті дәрі-дәрмектер бар, - дейді Павлодар қаласы №5 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Оксана Валова .

 

Емхана мамандары күніне 25 сынама алады екен. Науқастардың көбісі госпитализияға дайындалып жатқандар. Соңғы уақытта жедел респираторлы вирустық инфекция симптомдарымен келгендердің саны аз. Күніне 4-5 адамнан аспайды.