• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда карантин талаптарын сақтауды қадағалау тәртібі өзгереді

Павлодарда карантин талаптарын сақтауды қадағалау тәртібі өзгереді

Қазір қаламызда он бес бақылау тобы бар. Бірінші кезекте Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істеуін тексереді. Жобаның үздіктеріне сирек бас сұғады. Ал келушілердің статусын қарамайтындар мен карантин талаптарын сақтамайтын бизнес өкілдеріне жиі барады.

-Қазір біз бақылау топтарының мүшелерін қызметтік міндеттерінен босатуды ойластырудамыз. Егер олар тексеру топтарының құрамында болса жұмыстан босатылады.  Ешкім артық еңбек етпейді,-дейді Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жаутықбаев.

Тексеру тобының құрамына халық қалаулылары, қоғамшылдар мен еріктілер қосылмақ. Сонымен қатар, тұрғындар да карантин талаптарын бұзушылар туралы хабарлайды.

 Авторы:Бибінұр Хамитқызы