• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда кезекті заңсыз қоқыс төгетін орын пайда болды

Павлодарда кезекті заңсыз қоқыс төгетін орын пайда болды

Заңсыз қоқыс үйіндісі «Суворов» зиратының маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір онда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қалдықтарды мұнда бірнеше рет жүк көлігімен төккен тәріздес. Қала әкімдігінде бұл іске қатысты адамдарды жергілікті полиция қызметкерлері іздейтінін мәлімдеді.  

 

- Қалада заңсыз қоқыс орны анықталған жағдайда, материалдар бірден жергілікті полиция қызметіне және ТҮКШ  бөліміне жіберіледі. Кінәлі адамдар анықталмаған жағдайда үйінділерді коммуналшылардың мердігерлік ұйымы шығарады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы.

 

Естеріңізге салсақ, сәуірдің 10-ынан мамырдың 10-ы аралығында облысымызда тазалық айлығы жарияланған болатын. Өткен демалыс күндері Павлодардан 9 мың тонна қоқыс шығарылды.