Павлодарда коммуналдық апат салдарынан бірнеше үй ауыз сусыз отыр
Апат орнында алпауыттың мамандары жұмыс жасауда. Арнайы техникамен жолдың ортасын қазуға кірісті. Сәйкесінше, Мәшһүр Жүсіп көшесі Лермонтовтан Қайырбаевқа дейінгі аралығы көліктер үшін жабылды. Судан ажыратылған үйлерге тіршілік нәрін жеткізу ұйымдастырылды. ТҮКШ бөлімінің ақпараты бойынша коммуналдық апат салдарынан 17 көпқабатты және №6 мектеп сусыз қалды. Олқылықты күн соңына дейін жоюға тырысады.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа