Павлодарда күнде 100-ден аса үйге жылу берілуде

 

Павлодардың тұрғын үй қорын жылыту маусымына қосу шарасы жалғасуда.

Естеріңізге салсақ, алпауыт күніне 100-120 көпқабаттының ысырмасын ашуда. Бұл уақытта, синоптиктер қазан айының басында салқын болады деген болжамдарын айтты.

 

Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің батареялары қыркүйектің 26-нан қыза бастады. Алпауыт мамандарының ақпараты бойынша бүгінде 447 көпқабаттыға жылу берілді. Осыған байланысты павлодарлықтар өз ойларымен бөлісті.

 

Жылыту маусымы алғашқы қардың түсуімен тұспа-тұс келді. Соңғы күндері павлодарлықтарға облысымызда ауа температурасы күрт төмендейді деген хабарламалар келуде. Осыған байланысты синоптиктер алдағы болжамдарымен бөлісті.

 

- Бүгінде ауа райының күрт салқындығы солтүстік-батыстан суық циклонның өтуімен байланысты. Атмосфералық фронталдық бөлімдер де соған байланысты. Сол себепті бүгін облыстың басым бөлігінде таңертең кішігірім қар жауды,-деп мәлім етті «Казгидромет» РМК метеоболжау бөлімінің басшысы Оксана Овсянникова.

 

Синоптиктердің қазанға берген болжамдары бойынша алдағы айда ауа температурасы орташа 3-5 градус нөлден жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері де нормаға сәйкес болады деп күтілуде.