Павлодарда күзге дейін 20-ға жуық аула абаттандырылады

- Жұмыстар туралы айтатын болсақ, бұл жиектастар орнату, қиыршықтас төгу, асфальт төсеу. Мәселеге келетін болсақ, кейбір мекенжайларда тұрақта тұрған көліктер кедергі келтіреді. Қазір біз 20 мың шаршы метр асфальт төсеп үлгердік. Бұл 7 аулада. Күзге дейін тағы 10 ауланы абаттандырамыз, - дейді мердігер Николай Казанин. 

 

Орамішілік аумақты абаттандыруға биыл 350 миллион теңге бөлінді. Қала бойынша жұмыстарды бір мердігер атқармақ. Қыркүйек айына дейін 20-ға жуық ауланы абаттандырмақ.