• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда кәріз желісін жөндеу 2 жылдық жобасының алғашқы кезеңі аяқталды

Павлодарда кәріз желісін жөндеу 2 жылдық жобасының алғашқы кезеңі аяқталды

Биыл мердігер алдына кәріз желісінің бір шақырымын жаңарту міндеті қойылған. Ауа райының қолайлығына байланысты жұмыстарды алғашқы аязды күндерге дейін тоқтатпаған. Нәтижесінде жоспарды 1,5 есеге артық орындады. Бүгінде барлық шаралар аяқталды. Жаңа құбырдың өткізу қабілеттілігі металлдан қарағанда бірнеше есеге артық.

 

- Қалдықтардың өту қасиеті жылдамдады. Санация тәсілі арқылы аяқталған телімдерде біздің бұған көзіміз жетті. Қазір кәріз желісіндегі судың тоқтап қалуы жоқ,-дейді мердігер Әділ Әубәкіров.

 

Мердігердің айтуынша, шенеуніктер кәріз мәселесін дер кезінде шеше бастады. Ескі металл құбырлардың тозу көрсеткіші жоғары болған. Жаңасына 50 жыл кепілдік беріледі. Келесі жылы жоспардың екінші кезеңі аясында тағы 700 метр желіні жаңартады.

 

-Келесі жылы күрделі телімде жұмыстарды жалғастыруға тура келеді. Себебі Назарбаев даңғылы арқылы орталық көшенің бойымен желі тарту қажет. Жоба бойынша көшені толықтай жабу жоспарланған. Алайда, онда көліктер және трамвайлардың жоғары жүрісі байқалады. Сол себепті біз қазір жоспарға өзгертулер енгізудеміз,-дейді мердігер.

 

Қазір жер астынан тесіп шығу тәсілін қарастыруда. Осылайша көліктер легі жоғары қиылысты жаппайды. Оған қоса негізгі көшеде басқа да коммуникациялардың саны жеткілікті. Екі жылдық жобаға 2 миллиард теңге бөлінді.