Павлодарда кәсіпкерлерге арналған жаңа фронт-офис ашылды
Фронт-офисте қаржы институттары, жергілікті атқарушы органдар мамандары және білікті заңгерлер бар. Бұл ретте кәсіпкерлер құзыреттерді арттыру, қаржыландыру мәселелері бойынша қызметтер мен консультациялардың барлық түрін ала алады.
- «Бизнес Ертіс» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет атқару орталығы ашыды. Кеңес беріледі бұл жерде. Қаржыландыру орталықтары бәрі осында отыр. «Даму», агрокредиттік корпорациясы, - дейді «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінің басшысы Айдын Түгелбаев.
- Бухгалтерлік есеп, статистикалық есеп жасау, ЖК жабу-ашу, заң қызметтері, біздің заңгер барлық заңды мәселелер бойынша кеңес береді. Мемлекеттік сатып алу бойынша да кеңесші бар, - дейді «Атамекен» ҰП менеджер – кеңесшісі Жанна Рамазанова.
Бұдан былай кәсіпкерлер әр мекемеге барып сандалмайды. Жоба аясында мемлекеттік қолдау шаралары, бизнестің жеке және жүйелі проблемалық мәселелерін шешу жолдары көрсетіледі. Барлық сұрақтар бойынша Луговая, 16 мекенжайына жүгінуге болады.