Павлодарда көктайғаққа қарсы жаңа экологиялық қауіпсіз материалды қолдана бастады
Сонымен қатар, биыл коммуналшылар қала көшелерін қардан тазалау әдісін өзгертті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Оның алдында Павлодар қаласын қардан тазалау жұмыстары кезеңмен жүргізілген. Алдымен магистральді, жаяужолдар және аулаларды тазартқан болатын. Бүгінде қала әкімінің тапсырмасы бойынша бригадалар ақ ұлпаны кешенді жинайтын болады. Арнай техника қаланың 8 ауданына біркелгі шығып, тазалайды.
- Биыл көктайғаққа қарсы арнайы реагент қолданылады. Ол экологиялық тұрғыдан қауіпсіз деп танылған. Құммен бірге қосылып, шашылатын болады. Өнім отандық болып табылады және барлық рұқсат сертификаты бар,-деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Айнұр Садвокасова.
«Айсмикс» материалы мұзды телімдерді қысқа уақытта ерітеді. Шенеуніктер жаңа реагентті көбінесе қоғамдық көлік аялдамасында және әлеуметтік нысандардың маңайында қолданатын болады.