• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда көліктерді сақтандырудың жылдам әдісі іске қосылды

Павлодарда көліктерді сақтандырудың жылдам әдісі іске қосылды

 

Оны бірден мамандандырылған ХҚКО-ның операторында жасай алады.

 

- Өзіңіздің автокөлігіңізді мамандандырылған ХҚКО-ның операторында сақтандыра аласыз. Басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың қажеті жоқ. Бір жерден көлікті ресімдеп, оған сақтандыру полисін ала аласыз, - дейді азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы ПОФ PR-менеджері Мейрамгүл Абдрахманова.

 

Клиенттерге көлікті қайта тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Бұл адамдардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.