• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда көп қабатты үй бір аптадан бері мүлдем сусыз отыр

Павлодарда көп қабатты үй бір аптадан бері мүлдем сусыз отыр

Бұл үйдің тұрғындары таң атысымен қолдарына шелек алып, су таситын көлікті күтуге мәжбүр. Осындай жағдай бір аптадан аса жалғасып келеді. Бұл уақыт аралығында адамдар ыдыс және кір жуу сияқты тұрмыстық жағдайлары қиындап қалғанын айтады.

Белгілі болғандай, мәселе үйге келетін су құбырындағы ақауға байланысты пайда болған. Апат салдарын алпауыт қызметкерлері жоюда. 12 кіреберістің алтауы бір апта сусыз отырған.

- Назарбаев даңғылы, 157 мекенжайында су құбырында апат орын алды. Оның диаметрі 200 мм құрайды. Қазіргі уақытта, апат орнын жауып тастап, жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар кешкі сағат 20:00-ге дейін су беру үдерісін қалпына келтіреміз деуде. Ал жарылған құбырды алмастыру жұмыстары қолайлы ауа райы болғанда жүргізіледі.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа