• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда көпқабатты үй тұрғындары үш тәулік бойы сусыз отыр

Павлодарда көпқабатты үй тұрғындары үш тәулік бойы сусыз отыр

Назарбаев даңғылындағы №46/1 көпқабатты үйі үшінші тәулік сусыз қалды. Пәтер иелері қолдарына шелек немесе басқа ыдыс алып, тіршілік нәрін тасып әлек. Адамдардың айтуынша, бұл жер телімінде жыл сайын қазба жұмыстары орындалады.

 -Жыл сайын қазбалап, бір аяқтай алмайтын жұмыс. Сусыз өте қиын. 3 күн өтті. Тезірек іске қосылса екен, - дейді тұрғындар.

 Алпауыт мамандары үйге апаратын желіде ақау бар деп мәлімдеді. Қазір аулада қазба жұмыстары орындалып, шіріп кеткен құбырды толық ауыстырады.

 -Назарбаев 46/1 мекенжайында үйге апаратын құбыр апатты деп танылды. Қазір қазба жұмыстары орындалып, құбырды толықтай ауыстыратын боламыз. Жұмыстар аяқталғанға дейін жергілікті тұрғындарға ауыз су жеткізуді ұйымдастырдық,-дейді «Павлодар-Водоканал» ЖШС бас инженері Дмитрий Башкиров.

 Диаметрі 150 мм құрайтын құбырды санация тәсілі арқылы ауыстырады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін судың сапасы тексеріледі. Тіршілік нәрін беру мерзімі 2-3 күнді құрайды.