Павлодарда көпқабатты үйлердің басым бөлігіне жылу берілді
Осы күні әлеуметтік нысандар жылуға толық қосылды Ал көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Павлодар қаласындағы әлеуметтік нысандар мен жеке секторды орталықтандырылған жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосу 14 қыркүйектен басталған. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, бүгінде қаладағы барлық әлеуметтік нысан жылумен қамтылды.
-Көпқабатты тұрғын үйлер мен жылу энергиясының барлық тұтынушылары үшін жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталды. Бүгінде Павлодардағы 1342 көпқабатты тұрғын үйдің 1202-сі жылу жүйесіне қосылды,-деп жеткізді қала әкімдігінде.
Егер де қызмет көрсетуші ұйымның жұмысына шағымдарыңыз бар болса, немесе жертөле, шатыр және жылу бойынша қандай да бір мәселеге тап болсаңыз біздің редакциямызға хабарласуға болатынын естеріңізге саламыз, 8 705 600 31 85. Редакция телефон нөмірі 55-99-99.
