• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда көше мен саябақтарға 40 мың шаршы метр гүл отырғызылады

Павлодарда көше мен саябақтарға 40 мың шаршы метр гүл отырғызылады

 

 

 

Мердігерлік ұйым Назарбаев – Лермонтов қиылысындағы гүлзарларды ретке келтіруде. Мұнда 3000-ға жуық барқытгүл, шырайгүл, нарғызгүл сынды өсімдіктер отырғызылады. Жалпы қала бойынша 40 мың шаршы метрді гүлдендіру жоспарланған. Қазіргі таңда 10 мың шаршы метрінде бұл жұмыстар аяқталды.

 

- Ең бірінші біз ардагерлер саябағы, Жеңіс саябағы сияқты алаңдардан бастадық. Ең үлкен аумақтарымыздың бірі Конституция алаңы. Сол жерде отырғыздық. Және бригадамызда 50-ден астам адам жұмыс істеп отыр. Олардың біраз бөлігі гүл отырғызумен айналысады, бір бөлігі жерді аудару, қопсыту және тағы бір бөлігі суару жұмыстарымен айналысады,-деп мәлім етті мердігер Сапарғали Мұсабаев.

 

Мердігердің айтуынша, биыл отырғызылған гүлдерді суару жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Оған 9 арнайы техника жұмылдырылады. Маусым аяқталғанша дейін шөп жұлу, күтіп-баптау және гүлдерді қайта жинау жұмыстары уақытында және сапалы атқарылады деп сендірді жауапты компания өкілдері.