Павлодарда көзге бірегей ота жасау тәжірибесі өтуде

Ертіс өңіріне тәжірбие бөлісу үшін елдің жетекші витреоретина хирургы, медициналық ғылым кандидаты - Лұқпан Оразбеков келді. Облыстық аурухана негізінде ол үзіліп қалған көз торын қалпына келтіру бойынша 10 ота жасаған.

 

- Көздің ауыр жарақатының асқынуы болып табылатын макулярлы көз жасы, эпитрулярлы мембраналар, реконструктивті, макрохирургиялық оталар жасалды. Хирургия өте күрделі әрі нәзік үдеріс. Бүгінге дейін мен 2-3 отаға қатыстым. Бұл нағыз шеберлік сабағы. Саусақтың ұшымен жасалатын ота деуге болады, - деді Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана офтальмология орталығының меңгерушісі Қасымхан Тлеубаев.  

 

Бүгінде мұндай күрделі ота жасау үшін облыстық ауруханада барлық қажетті құрылғылар бар. Болашақта витрэктомияны тұрақты түрде өткізу жоспарлануда. Сол себепті Қазақстанның үздік дәрігерлерін шақырады. Басты міндет – аймақтан тыс жерге шықпай-ақ, қажетті ота және емді тұратын жерде алу.