• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда лак-бояу өнімдері сақталған қойма өртке оранды

Павлодарда лак-бояу өнімдері сақталған қойма өртке оранды

ТЖД мәліметінше өрт туралы хабарлама қарашаның 28-і күні сағат 22.01-де түскен. Анықталғандай солтүстік өндірістік аймақтағы қойма жанған. Онда лак-бояу бұйымдарын дайындап, сақтаған. Өрт орнында ТЖД 41 қызметкері, 9 техника бірлігі жұмыс істеді.

- Өрт сөндірушілер келген кезде лак-бояу өнімдерін жасауға арналған алты металл реактор жанып жатты. Цех ішінде лак-бояу материалдарын бір ыдыстан екіншісіне қотарғанда электр қозғалтқышта қысқа тұйықталу орын алған, - Павлодар қаласы ТЖБ басшысы Ренат Валишанов.

Сағат 00.05-те тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт – техникалық зертхана мамандары жұмыс істеуде. Шығынды анықтауға тура келеді. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Жалын тараған сәтте тоқ көзін ажыратуға тура келген.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы