• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Ломов-Катаев көшелері қиылысындағы бағдаршам неге істемей тұр?

Павлодарда Ломов-Катаев көшелері қиылысындағы бағдаршам неге істемей тұр?

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы түнгі сағат 2-де орын алды. Көліктердің легі аз болғанына қарамастан, жол талғамайтын неміс көлігі жеңілмен соқтығысқан. Салдарынан соңғысы аударылып, жолаушы зардап шекті. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртып, қос көлік айып тұрағына жеткілді. Осы ретте, коммуналшылар жүргізушілерден жол белгілеріне назар аударуды сұрайды. Сонымен қатар, бағдаршамның жұмыс істемеу себебін түсіндірді.

 

- Мамырдың 25-нен бастап Ломов-Катаев көшелерінің қиылысындағы бағдаршам жұмысын тоқтатты. Себебі гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша ол жерде желінің ақауы анықталды. Қазба жұмыстарын орындау кезінде нысанға электр қуатын беретін бағананы алып тастауға тура келді. Осыған байланысты бағдаршам жұмыс істемейді. Нысан істен шықты деген ақпаратты оның алдында біз әлеуметтік желіде жариялаған болатынбыз, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.

 

Алпауыт жұмыстарды апта соңына дейін аяқтауға тырысады. Кейін бірден бағдаршам нысаны іске қосылады. Айта кетсек, қаламызда жалпы 120 реттеуіш бар. Олардың күтіміне биыл 33 миллион теңге бөлінді. Бағдаршамдардың жұмысы жайлы шағымдар болған жағдайда мамандар 109 колл-орталығына хабарласуға кеңес береді.