Павлодарда мұғалім мен сыныптасына пышақ сілтеген жасөспірімді шизофреник деп таныды
Мамыр айында мектептің оқушысы мұғалім мен сыныптасына пышақ сілтеп, қылмыстық іс сотқа жеткен еді дейді irbistv.kz тілшісі.
Жанжал 13 мамырда орын алды. Жапа шеккен мұғалім мен оқушы айтарлықтай ауыр жарақат алмады. Оларды дәрігерлер қараған соң үйде емделуге жіберді. Екеуіне денесінің жоғарғы бөлігіне соққы жасаған. Педагог екі оқушыны айырып жатқан кезде оған тиіп кеткен. Полицейлер қылмыстық істі адам өлтіруге оқталу деген баппен тергей бастады. Сотта істі қарап, жасөспірімді кінәлі деп тапты. Алайда абақтыға жібермеді.
- Сотталушының шизофрения деген психикалық аурудың параноидтық формасымен ауыратыны анықталды. Осыған байланысты сот оны осы қылмыстық істі жасағаны үшін кінәлі деп танып қылмыстық жауапкершіліктен босатады,-деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.
Сот психикалық ауытқуы бар адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады деді. Енді жасөспірімді мәжбүрлеп емдеуге жіберуі тиіс. Оқушыны сот шығындарын төлеуден де босатты. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.