• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда майорды пара алғаны үшін бас бостандығынан айырды

Павлодарда майорды пара алғаны үшін бас бостандығынан айырды

Есесіне сол үшін қылмыстық істі әкімшілікке ауыстырды. Алайда дерек анықталған кезде хаттаманы жойды.

Сотта белгілі болғандай павлодарлық майор адам денсаулығына зиян келтірген жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс ашудың орнына бұрылу ережесін бұзғаны үшін, деп әдеттегі хаттаманы толтыра салған. Нәтижесінде 460 мың теңгенің орнына жүргізуші 15 мың теңге айыппұл төлеп құтылған.

 

- Жүргізуші бұрылу ережесін бұзбаған. Әрі қарай жүргізушіге қатысты әкімшілік материал тоқтатылған. Аталмыш тұлғаға қатысты іс сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелген. Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, - дейді Павлодар қаласы2-сотының судьясы Әйгерім Байсолтанова.

 

Белгілісі жүргізуші жаяуды қағып кеткен кезде оның бақайы сынған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Сот үкімімен әкімшілік полиция бөлімшесінің экс басшысын үш жылға бас бостадығынан айырды. Бұл ең аз жаза. Үш кішкентай баласы барын, кінәсін мойындағанын ескерген. 41 жастағы ер адамды сот залында қамауға алды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы