• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда мектеп оқушылары қатысуымен жол қозғалысы инспекторларының слеті өтті

Павлодарда мектеп оқушылары қатысуымен жол қозғалысы инспекторларының слеті өтті

 

 

 

Слет бағдарламасы алты конкурстан тұрады. Балалар мұнда жол қозғалысы ережелері, жолды реттеу, алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша білімін көрсетіп, сапқа тұру тәртібін назарға ұсынды. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі туралы қысқа шумақтар арқылы жеткізуге тырысты.

 

- Жалпы оқушылар барлық жол қауіпсіздіктерін білуі керек. Өйткені барлығын білген дұрыс. Білмеген жағдайда бұл өте қауіпті болуы мүмкін,-деді Б. Момышұлы атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Айтмұхан Балғымбек.

 

Айта кету керек, оқушылар 1 сыныпқа аяқ басқаннан бастап, сыныпта жолдағы қауіпсіздік туралы әрдайым айтылады дейді.

 

- Жол апаттарының алдын алу үшін барлық мектептерде осындай слет өткізіледі, сол іріктеліп өткен оқушылар бүгінгі қалалық кезеңге қатысуда. Жеңімпаз атанғандар облыстық кезеңге қатысатын болады,-деді «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының басшысы Ақмарал Мұхаметжанова.

 

Жеңімпаздар мен қатысушылар түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Бұл слеттің басты мақсаты балалардың жолдағы қауіпсіздігі болып табылады. Ал ол туралы балаға ертеден айтқан абзал.