Павлодарда мектептегі буллингке қарсы тренингтер өтуде

 

 

Оқушының сырт келбеті көбінесе мектептегі буллингке себеп болып жатады. Ол туралы психолог айтты. Оқу орындарында балаларға мектептегі мазақтау оған төтеп беру туралы тренингтер өткізуде. Кездесулер аймағымыздың барлық мектептерінде өтпек.

 

Мектептегі кезең ең тамаша болғанымен балалардың көбісі дәл осында психологиялық соққы алуы мүмкін. Мамандардың айтуынша сыныптағы бір екі бала қалғандарының күлкісіне айналып жатады.

 

-Бала нашар оқыса, кейде тіпті жақсы оқыса немесе түріндегі қандай да бір өзгешелік болса оны күлкіге айналдырып жатады. Бұл баланың бойы, шашының немесе көзінің түсі болуы мүмкін, -дейді Павлодар қаласы №34 мектеп психологы Виктория Фольц.

 

Ал қол жұмсау бұл шектен шығу дейді мамандар. Мұндай қуанышқа орай сирек кездеседі екен. Тренингтерде балаларды буллингіге қарсы тұруды үйретеді. Бірінші кезекте мұндай оқиғаны ересектерден жасырмау керек. Екіншіден озбырлыққа дәл солай жауап бермеу қажет.

 

-Бастауыш сыныпта мені де мазақтаған жағдайлар болды. Өйткені ұялшақ болатынмын. Мен бірден ата-анама айттым. Ең бастысы егер сізді біреу мазақ қылса немесе зәбір көрсетсе ересектерге айту қажет,-дейді 8-сынып оқушысы Асанәлі Дайкенов.

 

 

Интерактивті тренингтер барлық мектептерде өтетін болады. Психологтардың мақсаты – өзін қорғаудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілдерін түсіндіру. Олар түрлі жастағы оқушылармен әңгімелеседі. Сонымен бірге мамандар анонимді сауалнама да жүргізеді. Онда балалар анағұрлым ашық жауап береді дейді.