Павлодарда мектептер 3 ауысымға дейін оқуы мүмкін

- Осы орайда әр мектеп оқушылар санына қарай сыныптарды жасақтайды. Сәйкесінше ауысымдар саны мен кестесі де әртүрлі, Мысалы, 9-шы мектепте 3 ауысым. Сағат сегізден 2, 3, 4, 9-11 сыныптар оқыса, 13.15-те 5-6 сыныптар келеді, ал 15.15-тен 7-8 сыныптар оқиды. Осылайшы әр мектеп өзінің сабақ кестесін жасайды, - деді Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

 

Бастауышта күн сайын 3-4 сабақ болса, орта буында 4-5, ал жоғары сыныптар 5-6 сабақтан мектепте білім алады. Қалған қашықтықтан оқылатындары кестеге сай мектептен тыс уақытта ұйымдастырылмақ. Бір сынып – бір кабинет қағидаты сақталады. Және сабақ үстінде балалардың маскасыз отыруына рұқсат. Ал сыныпта КВИ жұқтырған адам анықталса, онда сол сынып ғана қашықтықтан оқу форматына ауыстырылады. Мектепті жаппайды.