• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда мектептер жанындағы лагерге 20 мыңнан астам бала барады

Павлодарда мектептер жанындағы лагерге 20 мыңнан астам бала барады

 

 

Жазғы лагерь маусымның бесінде басталады деп күтілуде. Бір маусым - 15 күн. 1-4 сынып оқушылары бір айда демалып үлгереді деп жоспарлануда. Балалар бос уақытын кинотеатр, музей, бассейн, табиғат аясында өткізбек. Жөндеуге жабылатын мектептердің оқушылары қалауы бойынша басқа білім беру мекемелеріне бара алады.

 

-Ұйқыға қалатын болса, үш мезгіл тамақпен яғни таңғы, түскі және бесін аспен лагерьдің бір маусымының құны 13500 теңге болады. Айта кету керек, жетім балалар үшін тегін, ал атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары үшін 50 пайыз жеңілдік жасалады,-деді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы секторы меңгерушісі Сағындық Шакенов.

 

Ал 5-7 сынып оқушылары үшін профильдік лагерлер жұмыс істейді. Олар да мектеп және мектептен тыс ұйымдар ұйымдастыратын шараларға қатысады. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары Мичурин ауылы жанындағы «Балдәурен» лагеріне бара алады. Ол үшін мектептен өтінім түсуі керек.