Павлодарда Минск және Витебск зауыттарынан белоруссиялық аяқ киім жәрмеңкесі ашылды
Бағасы төмен. Сапасы жоғары. Ақшаны үнемдей отыра аяқ киім немесе күртеше сатып алуды қалайтындар үшін бұл жәрмеңке тапсырмас орын. Әр түрлі үлгідегі кез-келген уақытқа арналған киімдер осы жерде.
- Беларусь аяқ киім жәрмеңкесіне шақырамыз, бізде ең қолжетімді бағалар. Барлығы таза былғарыдан жасалған аяқ киімдер. Сондай-ақ ортопедиялық және сырғанауға қарсы аяқ киімдер бар. Аяқ киімді қол жетімді, арзан бағамен сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, - деді сауда менеджері Елизавета Поливцева.
Білікті мамандар әр адамға таңдау жасауға көмектеседі. Олардың айтуынша, бұл жерге келгендердің барлығы өзіне ұнаған тауарды таба алады. Кез-келген талғамға арналған сыртқы киім де бар. Сапасы үшін кепілдік береді. Айта кету керек, күртешелерге 20-30%, ал былғары тондарға 50%-ға дейін жеңілдік беріледі.
- Владимир жәрмеңкесінде ерлер мен әйелдерге арналған күртешелер, тері тондары мен пальтолар. Түйе жүнінен жасалған, аллергиясы бар адамдарға био мамықтан жасалғандары да бар. Сондай-ақ -40 градусқа дейін температураға төтеп бере алатын қой және мутон терісінен дайындалған сырт киімдер табуға болады. Біздегі бағалар нарықтық бағадан 30% төмен, - деді Елизавета Поливцева.
Егер сіз қыста сәнді көрініп жылы жүргіңіз келсе жәрмеңкеге келіңіз. Мекенжайы: Жеңіс алаңы, 25. "Алтын" бизнес орталығының ғимараты.
Авторы: Аида Адрахова