Павлодарда мәрмәр орындықтарға 89 миллион теңге бөлінді

- Біріншіден мәрмәрдан жасалған орындықтар қыста суық болады. Ал мына орындықтар қанағаттындырады. Орындықтар өте ыңғайлы, оған ақша құртып керегі не?, - дейді қала тұрғындары.

 

- 2022-ші жылы Павлодар қаласының орталық жағажайында жаңа 225 орындық және 128 қоқыс жәшігін орнату жоспарлануда. Аталмыш кіші архитектуралық формалар компазитті мәрмәр материалынан жасалынады. Олар аймағымыздың климаттық жағдайына шыдамды. Сондай-ақ, аталмыш формалар берік және вандалдарға қарсы болып табылады. Сырлауды да қажет етпейді. Сәйкесінше, күтіміне қосымша қаражат бөлінбейді, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Бұл жұмыстарға бюджеттен 89 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта, мердігерді анықтау үшін конкурс шарасы жалғасуда. Ол аяқталғаннан кейін көктем-күз мезгілінде жұмыстар орындалады.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа