• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда мәрмәрдан жасалған орындықтар мен коқыс жәшіктер орнатылуда

Павлодарда мәрмәрдан жасалған орындықтар мен коқыс жәшіктер орнатылуда

Павлодарлықтардың сүйікті демалыс орнына жаңа мәрмәр орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары басталды. Орындықтарды ауыстыру туралы әкімдік ақпан айында хабарлаған болатын. Мұндай материалдың таңдау себебі олардың беріктілігімен түсіндірілді. Оған қоса жыл сайын сырлауды қажет етпейді. Осылайша, қаражат үнемделеді.

-Аталмыш материалдан жасалған өнім берік әрі вандалдарға төзімді. Ескі орындықтардан қарағанда. Бүгінгі күні орталық жағажайда мәрмәр орындықтарын және қоқыс жәшіктерін орнату жалғасуда,-деп мәлім етті Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы

Салтанат Әкімбекова.

Жалпы орталық жағажайға 225 орындық және 128 қоқыс жәшігін орнату жоспарлануда. Бұл жұмыстарға қалалық бюджеттен 89 миллион теңге бөлінді