Павлодарда наурыз айының мерекелері офлайн түрде өтеді

Маскалық режимді сақтап, Ашық жүйесін қолданудан басқа шектеу жоқ. Концерттік залдар бұрынғыдай 100 %-ға дейін толтырылды. Аймғымыз «Жасыл аймаққа» енгендіктен бұл мүмкін болып отыр. Осы ретте халықаралық әйелдер күніне орай облыста 320-дан астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылмақ. Бастысы 8 науыз күні сағат 15:00-де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтетін «Аналарға тағзым» атты мерекелік тегін концерт. Ұлыстың Ұлы күні де облыста ауқымды түрде аталып өтпек. Бірақ, киіз үйлер орталық алаңда емес, қаланың мөлек аудандарында құрылады.

 

  • Басты мерекелік іс-шаралар Конституция алаңында өтеді. Дачный мөлек ауданында екінші мерекелік орын ұйымдастырылады. Үшінші орын Усолка шағын ауданында белгіленіп отыр. Нақты айтсақ, №25 және №42 мектептердің ортасындағы стадионда. Келесі ПМПИ алаңы, екінші Павлодар Ардагерлер үйінің маңында, «Артур» СҮ жанында, Оқушылар сарайы, Жүсіпбек Аймауытов театры, облыстық филармония, Жаңауыл және Теміржолшылар мөлтек аудандары,- дейді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

 

Айта кету керек, қалалық мәдениет сарайының маңында 8 киіз үй орналастырылады. Ал қалған мөлек аудандарда біреуден. Олардың ішіне кіріп, тіпті қазақтың ұлттық киімін киіп фотосуретке түсуге болады. Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай облыс бойынша 152 спорттық жарыс өткізілмек.

 

Авторы: Аида Адрахова