• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Назарбаев-Естай көшелері қиылысындағы трамвай жолы ашылды

Павлодарда Назарбаев-Естай көшелері қиылысындағы трамвай жолы ашылды

Қиылыстағы трамвай жолдарын бірнеше жыл бұрын ретке келтіре бастаған. Ең алдымен Лермонтов – Назарбаевтағы өткелді жаңартқан болатын. Бүгінде қызметкерлердің біліктілігі және тәжірбиесі артып, көптеген қиылыстағы рельстерді алмастырып үлгерді. Бұл жолы Естай-Назарбаев күрделі торабы рекордтты бір аптаның ішінде тапсырылды.

 

- Жұмыстарды 10-шы тамызда тапсыруды жоспарладық. Алайда, көлік кептелісін азайту үшін жұмыстар 4-ші тамызда аяқталды. Жол жабыны жаңартылып, металл құрылымы орнатылды, - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Рахим Кеңесов.

 

Мұндай қарқынмен биыл Ломов-Назарбаев қиылысын жөндеуді көздейді. Күрделі торапта бірнеше трамвай рельстері қосылады. Жолдың жабылауы жайлы ақпарат қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады.  

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.