Павлодарда оннан астам көшеде жиектастар жаңартылады

Бұл Минин көшесі. Мұнда жаяужолдар бұрын мүлдем болмаған. Қазір мердігерлік ұйым өкілдері жиектастар орнатып, жергілікті тұрғындар үшін ыңғайлы орта жасалуда. Аталмыш көшеден бөлек, тағы 9 телімде жұмыстар орындалады.

 

-Ағымдағы жылы біз жиектастарды жөндеу жұмыстары бойынша ауқымды шараларды орындаймыз. Олар 10 телімде жүргізіледі. Радищев, Минин, Нұркин, 19-шы авто жол, Гагарин, Бекмаханов, Курская және Дачный шағын аудандарда,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов.

 

Сондай-ақ, тізімде Краснодонская, Катаев, Циолковский және Павлов көшелері бар. Жиектастарды ауыстыруға және жаяужолдардың құрылысына биыл қала бойынша 331 миллион теңге бөлінді.