• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен орталықтарға микроавтобустар сыйлады

Павлодарда отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен орталықтарға микроавтобустар сыйлады

Жаңа автокөліктердің кілтін табыстаған аймақ басшысы мекеме тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігі басты назарда екенін айтты деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Су жаңа ГАЗель автокөліктері 8 отбасылық үлгідегі үйлер мен оларды қолдау орталықтарына табысталды. Барлығы қауіпсіздік талаптарына сай. Мәселен, Кенжекөлдегі балалар үйінде түрлі жастағы оқушыларды күніне бірнеше рет түрлі орындарға тасуға тура келеді екен.

 

-Кенжекөлде мәселен 55 баланы мектепке тасимыз. Бұрынғы көліктер де бар әрине, бірақ олар ескі болатын. Сол себепті жаңа машиналар үшін қатты қуанып отырмыз, - дейді Кенжекөл ауылы отбасылық үлгідегі балалар ауылының басшысы Айжан Шамгалиева.

Айта кету керек, балалар бұл көлікпен білім беру, мәдени және спорттық шараларға, медициналық мекемелерге, бос уақытты қамту ұйымдарына бара алады.

 

Бибінұр Хамитқызы