Павлодарда пневмонияға шалдыққан балалар саны екі есе артты
Павлодарда пневмонияға шалдыққан балалар саны екі есе артты
Дәрігерлер статистиканы өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырып отыр. Бірақ нақты өршу себебі айтылмады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Бір тәулікте инфекциялық аурухана пневмония диагнозымен 20-ға жуық бала қабылдайды. Соңғы тоғыз айдың ішінде бұл дерттен бір жарым мынан астам кішкентай науқасты емдеп шығарған. Ал өткен жылы дәл осы кезеңде 650 жағдай тіркелген. Өсім айтарлықтай.
-Жаз бойы пневмониямен түскен науқастар өте көп. Көбінесе бізге пневмониямен түспейтін. Биыл пневмониямен науқастар өте көп түсіп жатыр. Көбінесе науқастар орташа дәрежелі ауырлықта түседі. Болады енді кейде ауыр дәрежемен түседі. Компенсация статусында түскен науқастарды біз отделенияға жатқызамыз,-деді Павлодар облыстық балалар ауруханасы инфекциялық стационарының қабылдау бөлімшесі меңгерушісінің м. а. Қанағат Шакаев.
Дәрігерлердің айтуынша науқастардың саны көп болғанына қарамастан аурухана лық толы емес. Орын әрдайым бар. Бірақ ауырмаудың жолын іздеген жөн дейді. Ол үшін иммунитетті нығайтып, адам көп жиналатын орындарға бармау қажет.
ФОто: Freepik.com