• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда полицейлер тәртіптің сақталуын камералар арқылы бақылайды.

Павлодарда полицейлер тәртіптің сақталуын камералар арқылы бақылайды.

Қызметкерлер заңға қайшы әрекет етсе бірден көреді. Ол 24 сағат бойы жазылады. Сонымен қатар биыл қала көшелерінде де полиция қолжетімді бола түскен.

- Қоғамдық орындарда шұғыл шақыруға болатын SOS құрылғысы орнатылған. Мұндай 9 құрылғы Павлодар және Екібастұз, Ақсу қалалары сонымен қатар Железин, Шарбақты, Тереңкөл аудандарында орнатылған. Нәтижесінде қоғамдық орындарда орын алатын қылмыстар 17,9%, көшелердегі қылмыс 2,51% азайған, - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілер арқылы да халықтан шағымдар қабылдай бастады. Нәтижесінде биыл қылмыс айтарлықтай азайып отыр. Адам өлтіру бойынша 27%, қарақшылық 31%, денеге ауыр жарақат салу 40% төмендеген. Бүгін полицияға көмек көрсеткен қоғамшылдар мен журналистерді де грамотамен атап өтті. Олардың қатарында Ирбис» телекомпаниясының тілшілері Артем Клеван және Артем Буланов бар. Екеуі де «Погонды журналист» жобасында жеңімпаз атанды.