• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда прокурор Милана Давыдованы өлтірді деген айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Павлодарда прокурор Милана Давыдованы өлтірді деген айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

 

Сотталушы тағында 7 жастағы қыздың анасы мен оның көңілдесі. Естеріңізге сала кетсек, тергеу нұсқасы бойынша Милана ересектерді жыныстық қатынас үстінде көріп қойып, кейін әкеме айтамын деп қорқытқан. Әйел баланы ұрып жіберіп, ол есінен танып қалғанда ер адам қызды белбеумен тұншықтырған. Прокурор отырыс кезінде жаза бойынша өз ойын айтты.

 

- Абедльдиновтң өмір бойына бас бостандығынан айыру керек деп ойлаймын. ҚК 46 бабы 4 бөліміне сәйкес 18 жасқа дейінгі тұлғаға және әйелдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруға болмадйы. Осыған байланысты Давыдова өмір бойына бас бостандығынан айрыла алмайды. Сол себепті көрсетілген бап бойынша жаза қолдану керек,-деді Павлодар облыстық прокуратурасының прокуроры Елена Корнева.

 

Прокурор Милананың анасын 20 жылға темір торға қамау жазасын сұрады. Айыпталушы әйел қызын өлтірмегенін айты. Қыз далаға шығып кетіп, Абельдинов оны қорада тұншықтырды деді. Әйелдің қорғаушысы тек ер адамды соттау қажет деді.

 

- Аталмыш қылмысты тек қана Абельдинов жасауы мүмкін деп ойлаймын. Егер Давыдова Абельдиновпен бірге баланы қылғындырып өлтіргенін білсе ол екі күн бойы жауап алған полиция қызметкерлеріне баланы тұншықтырғанын мойындар еді. Себебі ол 1994 жылдан 2016 жылға дейін психо-неврологиялық диспансерде 22 жыл бойы ораталық жүйке жүйесінің резидуалдық-неврологиялық бұзылуы деген диагнозбен есепте тұрған,-деді Татьяны Давыдовоның адвокаты.

 

Өз кезегінде Абельдинов полицияға адам өлтірілгені туралы хабарламағаным үшін ғана кінәлімін деді. Оның нұсқасы бойынша Давыдова қызын тұншықтырып, кейін денесін жасыруды сұрап жылаған. Ер адамның пікірінше көптеген айғақтар әйелдің өлімге қатысы барын көрсетеді. Естеріңізге сала кетейін, адам өлтіру оқиғасына Милананың інісі куә болған еді. Айыпталушы баланың сөзіне сенбеуді талап етті.

 

Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдың қараша айында Милана Давыдованың анасы полиция қызының жоғалғаны туралы хабарлаған еді. Қызды 400-ге жуық адам іздестірді. Тек үш тәуліктен соң жедел мамандар баланың мәйітін үйден 300 метр жерден тауып алды.