Павлодарда пәтер жалдау құны артты

EnergyProm мониторингтілік агенттігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, қазан айында тұрмысқа жайлы тұрғын үйді жалдау бағасы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 18,5% өскен. Павлодар облысында жалдамалы пәтер құны 9,1%-ға көтерілді. Өткен жылы 50-60 мыңға баспана табылса, биылғы күзде баға 80-90 мыңнан түспей тұр. Ал жағдайы жоғары пәтерлер 100 мыңнан астамға өткізілуде.

- Менің балаларым ипотекаға кіруден қорқады. Өте қымбат және бұл пандемиядан кейін жұмыс жоқ. Студенттердің жағдайын айту мүлдем мүмкін емес, тұрғын үйді жалға алу 100 000 теңге, - дейді тұрғындардың бірі.

Қазан айының қорытындысы бойынша елімізде баспаланардың жылдық инфляциясы 8,9% құрады. Қыркүйекте пәтерді жалдау бағасы 1,1% қымбаттаған. Баға негізінен шілде айында анағұрлым көтеріліп, 4,2% дейін артты. Жалпы, Павлодар бойынша орташа баға - шаршы метріне 1785 теңге.