• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда салынып жатқан жылу магистралі қашан қолданысқа беріледі?

Павлодарда салынып жатқан жылу магистралі қашан қолданысқа беріледі?

Жылу магистралінің құрылысы сәуір айында басталды. Оған 3,3 миллиард теңге бөлінді. Қаржының басым бөлігі республикалық бюджеттен. Жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын желі №1 жылу энерго орталығынан басталып, «Достық» арқылы Назарбаевтан Қазправда көшесінен Құдайбердиевке дейін барады. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін Усолкадағы жылу жетіспеушілігі мәселесі жойылмақ.

 

- Қазіргі уақытта жұмыстар Парковая көшесінде жүргізілуде. Мердігерлік ұйымның ақпараты бойынша №42-ші жылу магистралінің құрылысы 80 пайызға аяқталды. Қазір кабельдің орнын ауыстырумен айналысуда. Барлығы бекітілген кестеге сай, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Дачный мөлтек ауданындағы жұмыстар толықтай аяқталды. Құбырлар тартылып, асфальт жабыны қалпына келтірілді. Нысан жылыту маусымына дейін, яғни қыркүйек айының ортасында қолданысқа берілуі тиіс.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа