Павлодарда салық төлеуден қашқан алаяқтар жазаланды

Ал іс жүзінде жеке кәсіпкерлерге өнім жіберілмеген. Соңғылары осылайша өздерінің шығындарын көтеріп келген. Бұл салықшылар алдында шынайы сомаларды жасыру үшін ойлап табылған жүйе болып шақты.

 

  • Департаментпен аталған жүйені тексерген кезде бірінші инстанциялы сотта 11 сатып алушымен жалпы сомасы 506,9 млн теңгеге жасалған мәмілелер заңсыз болып танылды. Осылайша олар салықтан жалтарып 71 млн теңге көлемінде мемлекетке шығын келтірілді, - Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ЕЭО аясында ҚҚС әкімшелендіру басқармасының бас маманы Сақымзада Құрманғалиев

 

Қылмыстық жүйені қарапайым математикалық есептеулердің арқасында анықтаған. Себебі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өсірілген бидай көлемін айтарлықтай азайтып отырған. Заң өкілдерінің айтуынша, салықтан жалтыру бойынша жасалған мұндай айлалар Павлодар облысы қазынасының түсімдерін азайтады.

 

Авторы: Аида Адрахова