• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда саяжайға көліктер сәуірдің 24-нен бастап қатынайды

Павлодарда саяжайға көліктер сәуірдің 24-нен бастап қатынайды

Ауа райы күрт жылығандықтан, павлодарлық бағбандар да саяжай өнімдері үшін ертерек алаңдай бастады. Айтуларынша, температура жер жұмыстарын бастауға өте қолайлы. Тек қоғамдық көліктің іске қосылуын күтіп отырмыз дейді.

 

Ал қала әкімдігінде саяжайларға дейінгі қозғалыс бағдары тек, келесі аптаның демалыс күндері ғана жұмыс істейтіндігін мәлім етті.

 

- Павлодар қаласында қоғамдық көлік саяжайларға дейін 24 сәуірден бастап жүреді, яғни келесі аптаның сенбі, жеңсенбі күндері ғана. Ал 1 мамырдан бастап жүйелі түрде қозғалыс бағдары іске қосылады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Айту керек, саяжайларға дейін 19 автобус және бағбаншылықтарға дейінгі трамвайлар жүретін болады. Қозғалыс таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін.