• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда шаруа қожалық мүддесін қорғаған әуыл әкімінің тәртіптік ісі әдеп кеңесінде қаралды

Павлодарда шаруа қожалық мүддесін қорғаған әуыл әкімінің тәртіптік ісі әдеп кеңесінде қаралды

Тәртіптік кеңесте «Марина» шаруа қожалығы Григорьевка ауылдық округіне тиесілі екенін айтты. 2017 жылы ол оны сенімгерлік басқаруға берген. 2022 жылдың мамырында сол басқарушы Ертіске құбыр тартып, трансформаторлық подстанция орнатқан және жер телімін сорғы орнатуға дайындаған. Алайда рұқсат құжаттары болмаған. Тәртіптік кеңесте шенеунікті өз шаруа қожалығының мүддесін қорғағаны үшін айыптады. Виталий Бруцкий шаруа қожалығы ел игілігіне пайдаланып жатырмын деп ақталуға тырысты.

 

-Дала өртін, үй өртенгенде сөндірдік. Өрт сөндіруші көлігі келіп, деректі тіркейді. Басқа техника жоқ. Қысты күні қар шығардық. Жолды тазарттық, -деп мәлім етті Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий.

 

Тәртіптік кеңес мүшелері ұзақ дауласып, әкімді жұмысынан шығаруды ұсынды. Алайда, оның сайлауда ауылдықтардың 89% дауысын жинағанын ескерді. Успен ауданы білім бөлімінің басшысын да жауапкершілікке тартты. Ол өзінше тендердің техникалық сипаттамасын өзгертуді шешкен. 3000 алкотест сатып алуы тиіс болған. Оның орнына аппарат пен масаңдықты анықтауға арналған бір реттік 1200 түтікше алыпты.

 

-Тендерді қалай өзінше өзгертуге болады. Сіз бұл лауазымда жұмыс істегесін түсіну керексіз. Білмедім түсінбедім дегеніңіз дұрыс емес,- деді тәртіптік кеңес мүшесі Амангелді Хамзин.

 

Тәртіптік кеңес мүшелері екі дерек бойынша қызметіне жартылай сәйкессіздігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Ені ауылдық округтердің әкімдері мен аудандық білім бөлімінің басшылары шешім қабылдауы тиіс.