• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда шенеунік әлеуметтік желідегі комментарийі үшін қатаң сөгіс алды

Павлодарда шенеунік әлеуметтік желідегі комментарийі үшін қатаң сөгіс алды

Ашулы комментарийге инстаграмм желісінде тамыздың 1-де жарияланған бейне себеп болған. Онда ролик авторы карантинге қарамастан Жасыбайда ине шаншар жер жоқ дейді. Бұл ретте адамдардың әңгімесіне Баянауыл ауданы мәдениет бөлімінің басшысы араласады. Бүгінгі әдеп кеңесінде мемлекеттік қызметкердің  жазғанын оқып берді.

 

«Диванные критики не нравится не приезжайте, в чем проблема? И что? Чего Вы добились? Джасыбай будет работать до конца сезона. Завидуй молча. Сидите за абралом снимаете», «Ішін күйсе тұз жала, шырағым. Осы ғой оңбай жүргеніміз. Ейййй, қайран қазағым ай!», «Бар болса көре алмайтын намыстары жоқ бетбақтар». «Ни себе, ни людям. Мне просто Вас жаль! Существо убогое!!!»

 

Бүгін шенеунік бар болғаны Баян өңірі жайлы жаман сөздер жазған адамға жауап қайтарғанын, алайда мұнысы дұрыс болмағанын, осылай істегеніне өкінетінін жеткізді. Ал тәртіптік кеңес мүшелері бірауыздан мелекеттік қызметкер қатаң сөгіс алуға лайықты деген шешім шығарды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы